Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 727-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 727-ге жетті

Қазақстанда COVID-19 дерегі тағы 9 адамнан анықталды. Науқастардың барлығы Қызылорда облысы Шиелі ауданынан болып шықты. Коронавирус індетіне шалдыққандардың үшеуі ер, алтауы әйел адам.  Олардың ең жасы 2012 жылғы.

«Барлық науқастар бұрын COVID-19 жағдайы расталған адаммен байланыста болып, карантинде болған. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық. Емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізілуде», - делінген ҚР денсаулық сақтай министрлігі хабарламасында.

Жалпы елімізде коронавируске шалдыққандар саны 727-ге жетті. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 223

Алматы қаласы – 119

Қызылорда облысы – 85

Қарағанды облысы – 55

Жамбыл облысы – 45

Ақмола облысы – 43

Атырау облысы – 36

Түркістан облысы – 34

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Шымкент қаласы – 23

Ақтөбе облысы – 11

Алматы облысы – 10

Шығыс Қазақстан облысы – 6

Маңғыстау облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қостанай облысы – 3

Павлодар облысы – 1

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, елімізде емделіп шыққандар саны 54-ке жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы – 29

Алматы қаласы – 23

Ақтөбе облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 1

Дегенмен атышулы кеселденден 7 дам қайтыс болды.

 

Фото: focus.ua