Семейде инновациялық бетперделер шығарылуда

Семейде инновациялық бетперделер шығарылуда

Семейдің электротехникалық колледжі инновациялық бетперделер шығара бастады. Алайда әзірлеушілер бетперделерді үлкен көлемде шығару мүмкін еместігін айтып отыр. Оның бір себебі, әрбір бетперде жеке адамның бет өлшемдеріне бейімделеді екен. Осыдан кейін дайын эскиз арнайы бағдарлама арқылы компьютерге енгізіліп, 3D принтері арқылы шығарылады. Әлгі бағдарлама әр адамның бет пішінін де дәл өлшеп береді. Шикізат ретінде жұмсақ биопластик қолданылады.

АЗАТ САРПЕКОВ, ЭЛЕКТРТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ:

 - Бұл бетперде өте жеңіл киіледі. Және адамға демалуға, сөйлесуге қолайлы. Екі жағында фильтрі бар, 100 данадан сатылады, өте арзан. Күнделікті неше рет ауыстыру қажет, сонша ауыстырып пайдалана бересіз. Қазір бұл жұмыстарды біз оқу орны болғаннан кейін көп тиражда жасамаймыз. Өндірістер осыны ойға алып, кейін өндірістік салада кең таралымын алады деген ойдамыз.

 

Фото:24.kz