Қазақстанда коронавирус індетінен 7 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус індетінен 7 адам қайтыс болды

Қазақстанда COVID-19 індетінен жетінші адам қайтыс болды. Науқас 1929 жылы туған Ақмола облысының тумасы.

Сонымен қатар елде инфекция жұқтырғандар қатары да артты. Тағы 3 адам Қызылорда облысында, сонымен қатар Ақмола және Маңғыстау облыстарында бір-бірден COVID-19 дерегі расталды. Осылайша, Қазақстан вирусқа шалдыққандар саны 709 құрады. 53 адам коронавирустан сауығып шықты.

 

Фото: inform.kz