Қытай Қазақстанға коронавируспен күресу үшін дәрігерлер тобын жібереді

Қытай Қазақстанға коронавируспен күресу үшін дәрігерлер тобын жібереді

Қытайлық дәрігерлердің Қазақстанға келуі үшін арнайы борт ұйымдастырылады. Олар 9 сәуірде Нұр-Сұлтан әуежайына қонады деп күтілуде. Бұл жөнінде ҚР денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қытайлық делегацияның құрамына коронавируспен күресуде мол тәжірибесі бар 13 жоғары білікті дәріге кіреді. Олар пульмонология,  инфекция, эпидемиология және қарқынды терапия мамандары. Шетелдік сарапшылар жергілікті әріптестеріне қатерлі дертті бақылап, алдын алу, науқастарды оқшаулауға қатысты кеңес беріп, аспан асты елінде covid-19-ға қарсы қабылданған  тиімді шаралар тәжірибесімен бөлісетін болады. 

Ведомство мәліметінше, 24 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлесу барысында Қытайдың Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресте жан-жақты қолдау көрсетуі туралы уағдаласқан.

Сондай-ақ делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келеді.

 

Фото: finance.kz