Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 704-ке жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 704-ке жетті

Қазақстанда тағы 7 адамда COVID-19 дерегі расталды. Оның 4-еуі Атырау облысында, қалған үшеуі Қызылорда облысынд тіркелді. Осылайша елімізде коронавирус індетіне шалдыққандардың жалпы саны 704-ке жетті.

Бүгінгі таңда  инфекция Қазақстанның барлық өңірлерінде расталған. Пандемия әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында ең көп таралған. Мұнда 222 науқаста коронавирус анықталған. Екінші орында Алматы қаласы. Мұнда 119 адам індетті жұқтырған. Ал Павлодар облысында 1 адамға COVID-19 диагнозы қойылған.

Сонымен қатар осы уақытта 51 адам кеселден сауығып шыққан. 6 науқас қайтыс болған.

 

Фото: kapital.kz