Қытайда COVID-19 вирусын анықтайтын тестілердің 25 түрі бекітілді

Қытайда COVID-19 вирусын анықтайтын тестілердің 25 түрі бекітілді

Қытайда коронавирус белгілерін анықтайтын тесттің 25 түрі бар. Бұл туралы Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі мемлекеттік басқарма өкілі хабарлады. Қазіргі таңда тестілер күніне 4 миллионнан астам данамен шығарылып жатыр.

ЧЖАН ЦИ, ҚХР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРМА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Тестілеу реагенттері екі санатқа бөлінген. Бірі нуклеин қышқылдарын, екіншісі антиденелерді анықтауға арналған. Бірақ соңғысы тек қосымша тест ретінде пайданылады. Яғни, нуклеин қышқылдарын анықтайтын тест теріс нәтиже көрсеткенде ғана антидене тесті қолданылады. Сондықтан аталған тест адам ағзасында вирустың бар-жоғын анықтауда негізгі құрал бола алмайды. Ол халықты жаппай тексеруге жарамсыз. Тек медициналық мекемелерде ғана пайданылады.

Сондай-ақ  аспан асты елі  өзге мемлекеттерге медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу ісін жалғастыруда. Өткен айдың өзінде Қытай 1,5 миллиард долларға тауар экспорттаған.

Мәселен, Airbus Еуропа елдеріне 4 миллион бетперде жеткізді. Қытайдан бағыт алған жүк ұшағы Гамбург әуежайына келіп қонған. Енді миллиондаған масканың бір бөлігі Германияда қалса, қалғаны Испания, Франция және Ұлыбритания елдеріне жіберіледі. Айта кетейік, мұндай миссияны аталмыш компания наурыздың ортасынан бері осымен үшінші рет ұйымдастырып отыр. Және ол алдағы уақытта да жалғасып таппақ.

 

Фото: vedomosti.ru