Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен медициналық қорғаныс құралдары жеткізілді

Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен медициналық қорғаныс құралдары жеткізілді

Біріккен Араб Әмірліктері билігінің шешімі бойынша Қазақстанға гуманитарлық көмек партиясы келіп жетті. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

«Біздің елдеріміз арасындағы дәстүрлі жылы және достық қарым-қатынастардың, сондай-ақ коронавируспен күрес жөніндегі бірлескен күш-жігердің арқасында БАӘ-ден бортында жалпы салмағы 13 тоннаны құрайтын толық медициналық қорғаныс құралдары, жартылай медициналық қорғаныс құралдары, бір реттік қолғаптар, медициналық бетперделер, бахилалар, антисептиктер және өзгеде қажетті медициналық құрал-жабдықтары бар ұшақ келіп қонды» делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Айта кетейік, өзара қол ұшын беру аясында Қазақстанға бұған дейін АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Израильдан  түрлі көмек жеткен болатын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: tengrinews.kz