Қазақстанда 45 бала коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 45 бала коронавирус жұқтырған

Қазақстанда коронавирус инфекциясын тағы 25 адам жұқтырған. 19 науқас Ақмола облысында және Жамбыл облысында алты науқастан COVID-19 дерегі анықталды. Осы уақытта елде қауіпті індетке шалдыққандар саны 629-ға өсті.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың арасында 45 бала бар. Бұл туралы брифинг барысында елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Жалпы республикада коронавирус жұқтырған 45 бала тіркелді. Оның ішінде төртеуі ауруханадан шықты. Олардың жағдайы жеңіл», - деді Айжан Есмағамбетова.

 

Фото: tengrinews.kz