Қазақстандықтар COVID-19 диагностикасын онлайн режимде өте алады

Қазақстандықтар COVID-19 диагностикасын онлайн режимде өте алады

Сізде коронавирус бар ма? Бұл сұрақтың жауабын енді eGovMobile мобильді қосымшасының көмегімен де білуге болады. Қазақстанда коронавирус пандемиясын онлайн диагностикалау қызметі іске қосылды. Осыған байланысты, ауруханаға бармас бұрын интернеттен қауіпті вирустың болу белгілері бар-жоғын тексере аласыз.

Сонымен, қосымшаның басты бетінде «COVID-19 белгілері бойынша сауалнама» бөлімі бар. Бөлім қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

Тұрғындар бар жоғы 12 басты сұраққа жауап беру, қосымша ақпарат өрісін толтырулары керек. Барлық жауаптар ҚР денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.

Сондай-ақ қосымшадан вирустың елде таралу жағдайын бақылауға, ең жиі қойылатын сұрақтардың жауабын табуға болады. Бұл «FAV o COVID-19» және «COVID-19 картасы» қызметтеріне қол ұшын береді. Соңғысы, елде жұқтырған адамдардың саны туралы маңызды және расталған ақпараттар дәйегін көрсетеді. Сондай-ақ, инфекцияға шалдыққандардың кіммен байланыста болғанын да бақылауға болады.

 

Фото: news.kz