Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 453-ке жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 453-ке жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi: Алматы қаласында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199, Алматы қаласында – 93, Шымкент қаласында - 11, Қарағанды облысында - 22, Ақмола облысында - 19, Атырау облысында - 20, Жамбыл облысында - 6, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Алматы облысында - 9, Ақтөбе облысында - 7, Солтүстік Қазақстан облысында - 18, Павлодар облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында - 26, Батыс Қазақстан облысында - 2, Түркістан облысында – 16 адам, жалпы 453 науқас тіркелді.

Осы күнге дейін 29 науқас аурудан айығып шыққан. 3 қазақстандық көз жұмды.

 

Фото: kaztag.kz​