Сәуірдің 5-не дейін медицина қызметкерлері үстемеақы алады

Сәуірдің 5-не дейін медицина қызметкерлері үстемеақы алады

Сәуірдің бесіне дейін коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлерінің барлығы үстемеақы алады. Бұл жөнінде арнайы брифинг барысында еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан біртанов айтты. 

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

- «Коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған барлық қызметкер ескеріледі. Барлық шешім комиссиямен, облыстық деңгейде, жұртшылықтың, кәсіподақтардың қатысуымен қабылданады. Өірлер үстемеақы алатын санатқа әкімдіктер тарапынан тартылған адамдарды қоса алады. Атап айтсақ, емханалардың қызметкерлері».

Сондай-ақ министрдің айтуынша, қатерлі ннфекция жұқтырған науқастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын медицина қызметкерлеріне бөлек қонақүйлер мен жатаханалар қарастырылатынын жеткізді. Бұл іс жергілікті әкімдіктерге тапсырылды. Көлікпен қамту жағы да шешіліп жатыр.

Айта кетейік, елімізде карантиндік нысандарда жұмыс істеген 28 медицина қызметкерінің індетке шалдыққаны белгілі болды. Қазіргі таңда барлық факті бойынша эпидемиолоиялық тергеу жүріп жатыр. Ақ халаттылардың вирусты жұқтыру себептері немен байланысты екені анықталады.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

 - «Бұған дейін айтылғандай, инфекциялық стационарларда, карантиндік нысандарда вирус жұқтыру қаупі жоғары. Әкімдер барлық шараны қолға алды, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатысты ережелер сақталуы тиіс. Медицина қызметкерлерінің өздері де қауіпсіздік техникасын сақтауы керек»

Министр карантиндік шаралардың күшейтілуі өз тиімділігін беріп жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында 28 наурыздан бері қатерлі індет жұқтырғандардың қатары күніне 60-тан 15 жағдайға дейін азайды. Ал Алматыда бұл көрсеткіш 8-ден 2-ге дейін қысқарған. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: ru.sputnik.md