Коронавирус пандемиясы қанша уақытқа созылады? Халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарының болжамы қандай?

Коронавирус пандемиясы қанша уақытқа созылады? Халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарының болжамы қандай?

Коронавирус пандемиясы қанша уақытқа созылады? COVID-19 қанша адамның өмірін жалмайды? Әлемнің беделді ғылыми-зерттеу ұйымдары қауіпті індеттің таралуы бойынша болжам жасады.

Роберт Кох атындағы неміс интитутының мамандары COVID-19 пандемиясы екі жылға созылуы мүмкін деген пікір айтты. Айтуларынша, инфекцияның таралу ұзақтығы оған қарсы вакцинаны ойлап табу жылдамдығына, сондай-ақ, коронавирусты жұқтырғандар мен сауығып шығып, имунитет пайда болатын адамдарға байланысты.

Австралия ғалымдарының болжамдары да көңіл көншітерлік емес. Олардың айтуынша, 15-тен 68 миллионға дейін адам COVID-19 құрбаны болуы мүмкін. Осы тұжырымға келмес бұрын, зерттеушілер инфекция пандемиясының әлемдік экономикаға әсер етуінің 7 сценарийін модельдеді. Осылайша, сарапшылар жыл сайын белгісіз уақыт аралығында өршіген пандемиялардың әрқайсысын зерттеді. Мысалы, Гонконгта тұмаудың таралуынан 1 миллионға жуық адам қайтыс болған.  Ал «испан» дертінен шамамен 17-50 миллион адам көз жұмған. Ал бүгінде әлемді шарлаған коронавирус індетінен ЖІӨ-нің ғаламдық шығыны 9 трлн долларға жетуі мүмкін, дейді сарапшылар.

Күн жылыса коронавирустың таралуы баяулайды деген болжам да нақты емес. Өйткені вирус жоғары температурада өлетінін дәлелдейтін зерттеулер әзірге жоқ.

«Түрлі аурулардың барысы әртүрлі. Кейбіреулері қыс басталғанда не біткенде шарықтау шегіне жетсе, енді басқа түрлері көктемде, жазда немесе күзде өрши түседі. Тағы бір аурулар аймаққа байланысты маусымдық сипатқа ие. Кейбір инфекциялар маусымға қарамайды. Сондықтан, SARS-CoV-2 көктемде қалай таралатынын ешкім білмейді», - деп жазылған Америкалық ғылымдардың дамуын қолдау қауымдастығының журналындағы мақалада.

Сонымен қатар вирус жылы және ылғалды климатта тез таралады. Мысалы, Африка елдерінде және Сингапурда.

 

Фото: dw.com