USAID Қазақстанның COVID-19-ға қарсы күресіне 365 млн теңге бөлді

USAID Қазақстанның COVID-19-ға қарсы күресіне 365 млн теңге бөлді

Қазақстанда COVID-19 вирусының таралуымен күреске USAID ұйымы 365 млн теңге бөлді.

Бұл қаржы масштабты тестілеу жүргізу үшін зертханалық жүйелерді дайындауға, денсаулық сақтау мекемелеріндегі инфекциялардың алдын алу және бақылауға, COVID-19 қадағалауын және шұғыл әрекет етуді жақсартуға, ауруға шалдыққан науқастардың істерін жүргізуді жетілдіруге, вирус туралы жалған ақпараттың таралуымен күреске және Қазақстан қоғамын вируспен күреске тарту жұмыстарына бағытталмақ.

Сондай-ақ USAID Abt Associates, Халықаралық Қызыл Крест Федерациясы арқылы Қазақстандық Қызыл Жарты Ай ұйымына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қаражат бөлінді.

«АҚШ коронавирустық дағдарыс кезінде Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықты жалғастырып жатыр. Біз Қазақстанның COVID-19 вирусының таралуын тоқтату мақсатындағы тез және батыл әрекетін жоғары бағалаймыз. Осындай уақытта ашықтықты қолдаймыз, себебі, ақпараттың еркін ағыны бұл індетті жеңу және денсаулыққа төнетін қатерлерге қарсы тұра білу үшін өте маңызды», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

 

Фото: newizv.ru