Қазақстандық мамандар коронавирустың таралуын тоқтату бойынша шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуда

Қазақстандық мамандар коронавирустың таралуын тоқтату бойынша шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуда

Қазақстандық дәрігерлер коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою шаралары бойынша шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуда. Осы мақсатта Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы базасында профессор Леонид Эйдельманмен онлайн кеңес өтті.

Профессор Эйдельман қарқынды терапия және анестезиология саласына маманданған, 2018 жылы Бүкіләлемдік Медициналық қауымдастықты (WMA) басқарған.

Онлайн кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының профессорлары және аймақтардағы клиницистер қатысты. Оның барысында «коронавирустың алдын алу және профилактикасына қатысты мәселелер, ауруханадан шығару кезіндегі көрсетілімдер және ауруханадан шығарғаннан кейін стационарда қалу қажеттілігі талқыланды. Сонымен қатар қарт адамдарды қорғау және алдын алу шаралары, карантин және эпидемия ошақтарын оқшаулау, КВИ емдеу әдістері бойынша мәселелер қозғалды», делінген Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми хабарламасында.

Онлайн кеңес Қазақстан Республикасының Израильдегі елшігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Фото: detaly.co.il