Қазақстанда барлық спорттық және мәдени шаралар II жартыжылдыққа шегерілді

Қазақстанда барлық спорттық және мәдени шаралар II жартыжылдыққа шегерілді

Коронавирус инфекциясының пандемиясы салдарынан елімізде жоспарланған барлық спорттық және мәдени шаралар екінші жартыжылдыққа шегерілді. Салалық ведомствоның шешіміне сәйкес, әзірге көрерменсіз де жарыстар өткізілмейтін болады. Арнайы брифинг барысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша,  төтенше жағдайда еңгізілген карантинге қарамастан, мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің жалақысы толық мөлшерде беріледі.  

«Спорт және мәдениет ұйымдарында өзінің спорттық жетістіктеріне сай жалақы алатын адамдар бар. Яғни, наградалар жеңіп алып, белгілі бір жетістіктерге жеткендер санатындағы мамандарға  қсымша қаржылай көмек шаралары қарастырылған. Спорттық жарыстар басталған кезде қолданыстағы бар қолдау шаралары қайта іске қосылатын болады», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, қазіргі таңда қазақстандық спортшылар өз-өздерін оқшаулаған. Жаттығулар үйде немесе қашықтықтан жүргізілуде.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: toppress.kz