Әлемді жайлаған коронавирус: жағдай ушығып барады

Әлемді жайлаған коронавирус: жағдай ушығып барады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны миллионға жақындап қалды. Вирустың таралу қарқыны күшейіп барады. 2 сәуірдің таңында атышулы инфекция тараған барлық елдерде қайтыс болғандар саны 47 мыңнан асты.

Жалпы дүниежүзі бойынша инфекцияның жұқтырғандардың саны шамамен 940 мыңға жетіп қалды. Қауіпті індетке шалдыққандардың саны бойынша Америка құрама штаттары көш бастап тұр. Онда 215 мыңнан астам адамда коронавирус диагнозы расталған. ДДСҰ мәлеміттеріне сәйкес Италия онда COVID-19 анықталған науқастардың саны 110 мыңнан асады. Осылайша, бұл ел - екінші орында. Үшінші орында - Испания. Мұнда 104 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

 

Фото: gazeta.a42.ru