Алматыға Қытайдан жөнелтілген тест-жүйелер, тепловизорлар және маскалар жеткізілді

Алматыға Қытайдан жөнелтілген тест-жүйелер, тепловизорлар және маскалар жеткізілді

Алматы қаласының әуежайына Қытайдан жөнелтілген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді. Ұшаққа тепловизорлар, тест-жүйелер, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім-кешек артылған. Жақын арада Қытайдан медициналық қорғаныс құралдарының қосымша жеткізілімдері жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Атап өтерлігі, бұл шаралар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жақында өткен телефон арқылы әңгімесінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылуда.

 

Фото: rubic.us