ҚР ДСМ: тест тапсырған әрбір 89-шы адамнан коронавирус анықталған

ҚР ДСМ: тест тапсырған әрбір 89-шы адамнан коронавирус анықталған

Қазақстандық мамандар COVID-19 вирусын анықтау үшін осы күнге дейін 33 мың тест жасаған. Нәтижесінде әрбір 89-шы адамнан коронавирус анықталған. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус бойынша штабы хабарлайды. Отандық дәрігерлер әзірге диагностиканың бір жолын пайдалануда. Коронавирус инфекциясын анықтау үшін полимеразды тізбекті реакция тестілері қолданылады. Бұл адамның мұрын, ауыз қуысынан сынама алуды қарастырады. Қорытындысы алты сағатта дайын болады. Бұл вирусты анықтаудың әлемдегі ең нақты жолы, дейді мамандар. Ал экспресс-тест жүйелері алдағы күндері жеткізілмек.

БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ БОЙЫНША ШТАБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі таңда бұл тест жүйесін алмастыратын нұсқа жоқ. Егер біз сынақтар туралы айтатын болсақ, олар антиденелерді анықтайды. Олар тиісті нәтижені көрсету үшін ұзақ уақытты алады.

 

Фото: khabar.kz