Қазақстанда коронавирус тағы 3 науқаста расталды

Қазақстанда коронавирус тағы 3 науқаста расталды

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді.

Оның біреуі Қызылорда облысында, тағы бірі Ақтөбе облысында, үшіншісі Алматы облысында  расталды.

Сонымен осы сағатта еліміз бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 372- ге жетті.

3 адам індеттің құрбаны болып, 26 науқас дертінен айығып шықты.

 

Фото: kstnews.kz