Қазақстанда 26 адам COVID-19 инфекциясынан жазылды

Қазақстанда 26 адам COVID-19 инфекциясынан жазылды

Қазақстанда короновирус індетінен сауыққандар саны 26-ға жетті. Олардың арасында 2 жасар бала да бар. Бұл туралы coronavirus2020.kz ресми парақшасында айтылған.

«Індеттен жазылған 26 адамның 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында, 10-ы Алматыда»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, сауыққан науқастардың барлығы 14 күндік үй карантинінде болады.

 

Фото: kursiv.kz