Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 1 миллионға жетіп қалды

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 1 миллионға жетіп қалды

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны бір миллионға жетіп қалды. Осы уақытта індетке шалдыққандардың жалпы саны 860 мыңнан асып жығылған.

Короновирустың ең көп дерегі АҚШ-та тіркелген. Онда шамамен 190 мың адам Ковид-19 ауырған. Инфекция жағдайлары барлық штаттарда тіркелген. Алайда, коронавирустың ошағы болған Нью-Йорк қаласы ең көп зардап шегіп отыр. Дәрігерлерге көмек ретінде барлық мегаполистердің медицина қызметкерлері қосымша күштер мен жабдықтар жинауда.

Италиядағы жағдай да көңіл көншітерлік емес. Мұнда инфекцияны жұқтырғандардың саны 105 мыңнан асып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, 12 мың азамат коронавирус құрбаны болған.

Испанияда да жағдай ушығып барады. Бүгінгі таңда Испания вирусты жұқтырғандар саны бойынша аспан асты елін басып озған. Мұнда Ковид-19 жұқтырудың 95 мыңнан астам дерегі тіркелген. Елдің көптеген аймақтарында карантин режимі енгізілген.

Кәрі құрлық елдеріндегі ахуал  мәз емес. Германияда қазірдің өзінде 68 мың, Францияда 42 мыңнан астам адам Ковид-19 індетін жұқтырған.

Көршілес Ресейде инфекцияға шалдыққандар саны 2,3 мың адамнан асып кетті. Қазіргі таңда Мәскеу және Санкт-Петербург қалалары карантинге жабылды. Жалпыға ортақ оқшаулау режимі Ресей Федерациясының 30 аймағында енгізілді.

 

Фото: interfax.ru