Қазақстанда коронавирус құрбандарының саны үшеуге жетті

Қазақстанда коронавирус құрбандарының саны үшеуге жетті

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 1 адам көз жұмып,індет құрбандарының саны үшеуге жетті.

Үшінші өлім Қарағанды облысында тіркеліп отыр, деп хабарланды  coronavirus2020 сайтында. Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 363-ке жеткен.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам,

Алматы қаласында – 84 адам,

Қарағанды облысында – 14 адам,

Ақмола облысында – 16 адам,

Атырау облысы – 16 адам,

Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында – 3 адам,

Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам,
Алматы облысында – 8 адам,

Ақтөбе облысында – 3 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам,

Павлодар облысында – 1 адам,

Маңғыстау облысында – 1 адам,

Қызылорда облысында – 18 адам,

Батыс Қазақстан облысында – 2 адам,

Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 363 науқас тіркелді.

 

Фото: informburo.kz