Қазақстандық ғалымдар 5 платформа негізінде COVID-19 вакцинасын жасауда

Қазақстандық ғалымдар 5 платформа негізінде COVID-19 вакцинасын жасауда

Қазақстандық ғалымдар 5 платформа негізінде COVID-19 вакцинасын жасауда. Бүгінгі таңда қауіпті індетпен күресу мақсатында отандық мамандардың құзыреттілігінде барлық ресурстар, вирустардың өзіндік генетикалық кітапханасы және жақында ғана жасалған ПТР тестілер бар. Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов отандық вирусологтардың қандай жұмыстарды қолға алатыны жайлы айтты.

«Вакцина жасауда біз 5 платформаны қолданамыз. Бізде 5 платформада 6 кандидаттық вакцина болады. 2 вакцина бір платформада, 4 -еуі өздігінен болады»

Мамандардың айтуынша, атышулы вирус мутацияға бейім.

- Ол әр 3 байланыста мутация жасайды. Қазірдің өзінде қанша байланысқа түсті. Мұндай 100-ден астам мутация белгілі.

Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша ғалымдар COVID-19 қарсы вакцина формумаласын іздеумен айналысуда. Әзірге адам өміріне қауіп төндіріп тұрған инфекцияның емі табылған жоқ. Алайда, отандық ғалымдар коронавирус індетін егжей-тегжейлі зерттеп, барлық маңызды тұстарын қарастыруда. Осының барлығы вакцинаға арналған платформа болып табылады.

 «Саусақ іздері, фотосуреттер, ауызша сипаттамалар, фотороботтар. Міне осылардың барлығы короновирус фотороботының қасиеттерін алдымен сынама түтікшелерде өсірілген клонымен анықталады. Яғни біз коронавирус генін бактерияларға енгіземіз, кейін бактериялардан вирусты ақуыз аламыз. Осыдан кейін ақуызды тазалаймыз. Осыдан кейін ғана бұл генді гибридті вирусқа айналдырамыз немесе бактерияларды осы коронавирус ақуызын синтездеуге жұмсаймыз. Сондай-ақ,  оны фотосурет ретінде пайдаланамыз», - деді Ерлан Раманқұлов.

Бүгінгі таңда вирус Алматы қаласындағы жабық, қауіпсіз зертханада зерттеліп жатыр. Дегенмен ғалымдар жеке вакцина ойлап табуға шамамен 3 жыл уақыт кетеді деп отыр.

 

Фото: inform.kz