3D-принтерде жасалған қорғаныш маскалары

 3D-принтерде жасалған қорғаныш маскалары

Аргентинада қорғаныш маскалары 3D принтерде басып шығарылады. Өйткені бетперде қазір көптеген елдерде аса тапшы болып тұр.

Буэнос-Айрес тұрғыны қорғаныш маска жасаудың осындай ерекше әдісін ойлап тапқан. Бірегей бастамасын жүзеге асыру үшін өнертапқыш бұл іске 30-ға тарта адамды тартқан. Қазіргі таңда олар маскалардың алғашқы 500 данасын жасап шығарып, жергілікті ауруханаларға таратып үлгерді.

Айта кетейік, бүгінде аталмыш елде 24 адам коронавирустан көз жұмып,  қатерлі індет жұқтырған мыңға тарта науқас тіркеліп отыр.

 

Фото: 3dpulse.ru