Қазақстанда тағы 11 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда тағы 11 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам тiркелді. Соңғы 10 дерек Қызылорда облысында анықталды. Енді бір науқас Павлодар облысында тіркелді. Осылайша осы сағатта Қазақстанда барлығы 336 науқас тіркелді.

Әзірге Нұр-Сұлтан қаласында  қатерлі инфекцияның ең көп жағдайы тіркелген. Елордада 175 адам коронавирус жұқтырған.  Бүгінгі таңда Алматыда 82 жағдай тіркелді. Қызылорда  облысында 18 адамда қуатталды. Қарағанды және Атырау өңірлерінде 13 жағдайдан тіркеліп отыр. Ал Ақмола облысында 10 науқас бар. Алматы өңірінде 8 адам коронавирус жұқтырса, Жамбыл және Ақтөбе аймақтарында үш жағдайдан тіркеліп отыр. Шымкент, Павлодар, Шығыс, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында екеуден және бір адам Маңғыстау өңірінде қатерлі індетке шалдыққан.

 

Фото: rus.ozodi.org