COVID-19 жұқтырып емделіп шыққандар әлі де адамдарға вирус таратуда

COVID-19 жұқтырып емделіп шыққандар әлі де адамдарға вирус таратуда

COVID-19 жұқтырып, емделіп шыққандар әлі де адамдарға вирусты таратуда. Бірқатар зерттеулер жүргізегеннен кейін, қытай ғалымдары осындай тұжырым жасады. Сондықтан олар коронавирустан айығып, ауруханадан шығарылған адамдар үшін карантинді ұзартуды сұрайды.

«Мұндай науқастарда симптомдар болмайды, бірақ вирус ауыз жұтқыншақтарында сақталуы мүмкін. Қауіпті індеттен толығымен сауығып шыққандардың жартысына жуығы вирустың барлық белгілері жойылғанына қарамастан, айналасындағы адамдарға кеселді жұқтырған», дейді аспан асты елінің ғалымдары.

Олардың айтуынша, науқастарда COVID-19 барлық белгілері жойылғанымен 1 тәуліктен 8 күнге дейін вирусты жұқтыруы әбден мүмкін.

«Өзін-өзі оқшаулау – вирустың алдын алудың бірден-бір тиімді әдісі. Бұл тәсіл өзге адамдарға жұқтыру қаупін азайтады», - деп атап өтті мамандар.

 

Фото: kp.ru