Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 782 мыңнан асты

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 782 мыңнан асты

Қазірдің өзінде әлемде 782 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Мұндай мәліметтер Америкалық Джонс Хопкинс университетінің басшылығы келтірілген. Расталған жағдайлардың саны бойынша  АҚШ бірінші орында тұр. Бұл елде вирус жұқтырғандардың саны 163 мыңнан асқан. Ал COVID-19 құрбандары 3 мыңнан асып жығылған. Олардың тоғыз жүзден астамы Нью-Йорк қаласында тіркелген. Мемлекеттік карантиндік шаралар 30 сәуірге дейін ұзартылды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Барлықтарыңыздың сабырлық сақтауларыңызды сұраймын. Барлығы да уақытша, барлығы да өтеді. Біздің еліміз мықты болуы керек, күресіп, жеңіске жету керек. Мен қауіпті індетпен күресу жұмыстарын жүргізіп жатқан елдер мен адамдарды мақтан тұтамын. Біз 1 миллионнан астам тест өткіздік. Бұл өте үлкен қаражат.

Сонымен бірге, Испанияда билік ауруды жұқтырғандардың қатары азайғанын айтып  отыр. Олардың пікірінше, бұған елдің бірқатар өңірлерінде қатаң карантиндік шаралардың енгізілуі ықпал еткен.  Мамандардың айтуынша, егер 25 наурызға дейін вирус жұқтырғандардың саны күніне орта есеппен 20% -ға көбейсе, қазір ол тек 12% құрайды.

Ал Оңтүстік Кореяда коронавирус індетінен сауығып кеткендер  саны күн сайын артып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, мұнда  қаңтар айынан бері 9661 адам Ковид-19 дертіне шалдыққан. Бүгінде олардың 5 мыңнан астамы толық емделген. Дегенмен, таңғы шық елінің өзге де қалаларында инфекцияның жаңа ошақтары пайда болған. Оның бірі Сеулде анықталған. Манмин шіркеуіне келуші жиырма сегіз адам және олардың отбасы мүшелерінде кеселді жұқтыру дәйегі тіркелген.  Сондай-ақ, жаңа пациенттердің көпшілігі шетелден оралған Корея азаматтары. Инфекцияның екі жағдайы Гангнамдағы беделді Tower Palace тұрғын үй кешенінде тіркелді.

Шетелдіктердің келуін шектеу туралы пікірлер азаматтар мен үкімет арасында әр түрлі. Бұл, әрине, өкінішті. Бірақ, тұтастай алғанда, үкімет алдын алу шараларын дұрыс жүргізуде.

- Менің кішкентай сұлулық салоным бар. Қазір менің қызметтерімді бұрынғыдай көп клиенттер қолдана бермейді. Мұның салдары әлі байқалмайды, бірақ менің ойымша,  қиындықтың бәрі алда. Үкімет уәде еткен көмекке сенеміз. Бұл бізге келтірілген шығынды қалпына келтіруге көмектеседі.

 

Фото: ria.ru