Қазақстанда коронавирустан екінші адам қаза тапты

Қазақстанда коронавирустан екінші адам қаза тапты

Коронавирус құрбандарының саны екеуге жетті. 31 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында 50 жастағы науқас көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова шұғыл брифингте айтты.

Ол 21 наурызда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Белгілісі марқұмның жұмысы жиі іссапарлармен байланысты болған. Қазір онымен байланыста болған  отбасы мүшелері  мен әріптестері ауруханаға жатқызылды. Олардың жалпы саны 31. Екі отбасы мүшесі коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды.  Бұдан басқа 55 адам жұқтыруы мүмкін адамдар ретінде үй карантиніне алынды.

Осылайша бүгінгі таңда еліміз бойынша  COVID19 жұқтырғандар саны 325-ке жетті, қаза тапқандар 2 және індеттен айыққандар саны 22.

 

Фото: atr.ua