Отандық спортшылар мен жаттықтырушылар карантин кезінде онлайн сабақ береді

Отандық спортшылар мен жаттықтырушылар карантин кезінде онлайн сабақ береді

Қарантин салауатты өмір салтын ұстану үшін кедергі емес. Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылар күнді таңғы жаттығулардан бастауға шақырады.

Онлайн сабақтар мен жаттығулар күн сайын мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және "Сарыарқа" велотрегінің Instagram парақшасында жарияланып тұрады. Парақшалардан дұрыс тамақтану жөнінде де  мамандардың кәсіби кеңесін тыңдауға болады. Карантин кезінде адамның қимыл-қозғалысы азаяды. Сондықтан артық салмақ қоспас үшін ағзаға пайдалы дәруменге толы күнделікті ас мәзірін дұрыс құра білу керек дейді, диетологтар.

НҰРШУАҚ НҰРСАДЫҚОВ, ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША КЕҢЕСШІ:

 - Ұннан әзірленген тағамдарды жапыра жеуден алшақ болып, шектеу қоя білу керек. Бұл негізінен нан-тоқаш және макарон өнімдері. Олар жылдам көмірсулар.  Асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық, ноқат сынды тұтас дәнді дақылдардан жасалған гарнирлермен тамақтанған ағзаға пайдалырақ болады. Адамның салмағына байланысты күніне 2,5-3 литр су ішу керек.

 

Фото: sportsvit.com.ua