Қазақстанда COVID-19 анықтайтын жаңа зертханалар ашылады

Қазақстанда COVID-19 анықтайтын жаңа зертханалар ашылады

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын жаңа зертханалар ашылады. Оның үшеуі елордада, тағы үшеуі Алматыда  ашылады. Басқа өңірлерді қосқанда жалпы 10 зертхана ашылмақ. Бұл туралы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша генетикалық ПЦР деген бір тест қана диагноз қоюға бекітілген. Экспресс тест науқастың дертін растап, емдеуге жарамайды. Елімізде ПЦР тест жасайтын 19 зертхана бар. Олардың күніне 6 мың тест жасауға мүмкіндігі бар. Қаңтардан бастап 25 мың тест өткізілді. Өткен тәулік бойынша бір жарым мың тест жасап жатырмыз. Сонымен ел бойынша 6 мың тест жасауға мүмкіндігіміз бар» деді министр. Осылайша сәуір айының басында 12 мың тест жасауға мүмкіндік болады.

Сондай-ақ министр мемлекеттік комиссия қосымша тағы 300 мың тест сатып алу жөнінде шешім қабылдағанын хабарлады.

 

Фото: 24.kz