Алматыда 7 адам коронавирустан айықты

Алматыда 7 адам коронавирустан айықты

Алматыда коронавирус жұқтырған азаматтардың 97% шет елдерден келген. Науқастардың арасында 11 жасар бала бар. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев арнайы брифингте  хабарлады.

Жалпы қазіргі таңда оңтүстік шаһарда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 73 жағдайы тіркелді. Олардың жетеуі айығып шықты. Қазіргі таңда қалалық жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19-дан 66 науқас ем алып жатыр.

ТІЛЕУХАН ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Қазіргі кезде ауырып жатқандардың жағдайы жақсырап келеді, 58 науқаста – қанағаттанарлық, 1 ересек науқаста – ауыр, 6 ересек адамда орташа ауырлықта және 1 балада орташа ауырлықта. Провизорлық орталықтарда 1 046 адам бар, оның 102-сі – бала.

Сондай-ақ Алматыда шетелден келген 419 азамат оқшауланған. Олар қай елден келгеніне қарамастан, екі күндік карантинге орналастырылуда.

 

Фото: news.liga.net