Ресей COVID-9 жұқтырғандарды емдейтін аурухана салып жатыр

Ресей COVID-9 жұқтырғандарды емдейтін аурухана салып жатыр

Ресейде Covid-19 жұқтырған науқастарға арналған аурухана құрылысы жүріп жатыр. Аурухана жедел конструкциядан құралмақ. 80 мың шаршы метрлік жаңа ғимарат 500 науқасты қабылдауға арналған. Онда ауруы асқынған науқастарды емдеу жоспарланып отыр. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович елде коронавирустан адам шығынының аз болуын биліктің індетке қарсы шұғыл әрекет етуімен байланыстыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ ол індет жұқтырған науқастарды қабылдау үшін Мәскеудегі ауруханалардан тағы 13 мың орын қарастырылғанын жеткізді.

 

Фото: m24.ru