Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жіті назарда

Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жіті назарда

Коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлердің қауіпсіздігі жіті назарда. Бұл туралы дүйсенбі күнгі брифинг кезінде елорда басшысының орынбасары Бахтияр Мәкен мәлімдеді.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлерінің жүріп-тұруы үшін қосымша көліктер қарастырылды. Бүгінде 50 арнайы көлік бөлініп отыр.

Сондай-ақ қалалық емханалар мен ауруханаларда короновирус індетін жұқтырған науқастармен  немесе олармен тікелей байланыста болғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамту мақсатында қонақүйлер бөлінген. 

БАҚТИЯР МӘКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сондай-ақ ыстық тамақпен қаматамасыз етілген. Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін де көлік қарастырылған. Бұл қызметтердің барлығы тегін

Бұған қоса, Бахтияр Мәкен Президенттің тапсырмасымен  санитарлық-эпидемиологиялық салада жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін жаңа қаржылық қолдау пакеті бекітілетінін хабарлады.

 

Фото: inbusiness.kz