Нұр-Сұлтан қаласында ЖРВИ бар пациенттер бөлек ауруханада қаралады

Нұр-Сұлтан қаласында ЖРВИ бар пациенттер бөлек ауруханада қаралады

Нұр-Сұлтанның №2 қалалық емханасы тәулік бойы жұмыс жасайды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні өткен брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мәлімдеді.

Оның айтуынша, емхана базасында жедел респираторлы вирустық инфекциясы белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды.

БАҚТИЯР МӘКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- ОРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

 

Фото: mail.kz