Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 294 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 294 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам анықталды. Ол Алматы облысының тұрғыны. Осылайша індет жұқтырғандар саны 294 адамға жетті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Мәліметке сәйкес, Алматы қаласында – 3 тұрғында, Қызылорда облысында - 3, Ақмола облысында - 3 адамда диагноз қуатталған.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9, Атырау облысы - 12, Жамбыл облысында -3, Шымкент қаласында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Алматы облысында - 6, Ақтөбе облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 294 науқас тіркелді.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін коронавирустан 20 қазақстандық сауығып шықты. Бір адам қайтыс болды.

 

Фото: apostrophe.ua