Қазақстанда тәулігіне 700 мыңнан аса маска өндіріледі

Қазақстанда тәулігіне 700 мыңнан аса маска өндіріледі

Қазақстанда тәулігіне 700 мыңнан аса маска өндіріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлайды.

Еске салсақ, ел үкіметі бұл көрсеткішті күніне 1 миллионға жеткізу жоспарын қойған.

Мәліметке сәйкес, бүгінде қазақстандық кәсіпорындар тәулігіне 773 мың маска тігеді, оның ішінде фармацевтикалық компаниялар – 228 мың, тігін кәсіпорындары – 545 мың дана.

Тігін және фармацевтикалық кәсіпорындарды маскалар өндірісі үшін шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дәке өндірісін іске қосу мәселесін пысықтап жатыр.

«Дезиинфекциялық құралдар туралы айта кетсек, ағымдағы жылдың 28 наурызында 94 332 литр өндірілген, қоймада 144 200 литр, дәріхана желілеріне, көшелер мен үй – жайларды дезинфекциялау үшін 100 093 литр тиелген»,  делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

 

Фото: kazinform.kz