Қарағанды,Атырау,Теміртау қалалары карантинге жабылды

Қарағанды,Атырау,Теміртау қалалары карантинге жабылды

Коронавирустың жаңа типінің пандемиясына байланысты Қазақстанның бірнеше қаласы карантинге жабылды. Атап айтқанда, 30 наурыздан бастап Атырауға кіруге және қаладан шығуға болмайды.

Шектеу шаралары Қарағанды облысының бес қаласында (Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск) да енгізілді.

31 наурыздан бастап Қостанай облысын жабу жоспарланған. Онда 10 өткізу бекеті орнатылып, полиция және медициналық қызметкерлер кезекшілік етеді.

Мұндай шектеу шаралары Ақтөбе облысында да қабылданбақ. 31 наурыздан бастап мұнда көліктің барлық түрлеріне және азаматтарға Ақтөбе қаласына кіруге және қала аумағынан шығуға тыйым салынады. Тек транзиттік көліктер мен азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар артылған көліктер ғана өткізіледі.

Аталған облыстарда азық-түлік сатпайтын дүкендер, жеке меншік және мемлекеттік балабақшалар, сұлулық салондары, қоғамдық моншалар, сауналар, букмекерлік кеңселер және қызмет көрсету саласының басқа да нысандары жұмыстарын тоқтатты. Отбасы мүшелері болмаса, тұрғындарға үш адамнан көп топтарда жиналуға болмайды. Азаматтарға үйлерінен себепсіз шығуды шектеу ұсынылды. Тек, азық-түлік, дәрі-дәрмек алу немесе банкке, жұмысқа бару керек болса ғана көшеге шығуға рұқсат. Ал кәмелеттік жасқа толмағандарға көшеде жалғыз жүруге тыйым салынды. 65 жастан астан қарияларға да далаға шықпауға кеңес беріліп отыр.

 

Фото: tengrinews.kz