Павлодар облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Ведомство басшысы жариялаған соңғы мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 60 адам, Алматыда – 48, Қарағандыда - 4, Шымкентте - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам, Атырау облысында – 3 адам және Павлодар облысында 1 адам коронавирус жұқтырған.

Еске салсақ, бейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққан 64 жасар әйел көз жұмды.

2 адам індеттен толықтай жазылды.

 

Фото: vesti.ru