Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 121-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 121-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 120-дан асты. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, инфекция жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тiркелді.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам», - делінген ресми хабарламада.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 121.

 

Фото: kp.kz