Қытай шетелдіктерге ықтиярхатпен және визамен кіруге тыйым салды

Қытай шетелдіктерге ықтиярхатпен және визамен кіруге тыйым салды

28 наурызда Қытай шетел азаматтарының ықтиярхатпен және визамен елге кіруін тоқтатады. Мұндай шешім әлемде коронавирустың таралуына байланысты орын алған эпидемиологиялық жағдайға орай қабылданды. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының көші-қон жөніндегі мемлекеттік басқармасы хабарлады.

Сонымен қатар ел билігі Бейжің, Шанхай қалаларында, Гуандун, Хайнань провинцияларында, Гуанси-Чжуан автономды ауданында және өзге аудандарда визасыз транзит және визасыз кіру жөніндегі бірқатар бағдарламаларды уақытша тоқтатып қойды.

Аспан асты еліне дипломатиялық жән қызметтік төлқұжаттар бойынша, сондай-ақ халықаралық көлік құралдарының экипаж мүшелеріне және «С» санатындағы виза бойынша кіруге рұқсат етілген.

Сонымен қатар коронавирустың сырттан әкелінуіне және оның таралуына жол бермеу мақсатында Халық Республикасына келетін және одан шығатын халықаралық жолаушылар рейстерін қысқарту туралы шешім қабылданды.

«2020 жылдың 29 наурызында сағат 00:00 бастап әрбір қытайлық және шетелдік әуе компаниясы аптасына бір рет қана ҚХР-ға келу/кету рейсін орындайды», - делінген ҚХР азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесінде.

 

Фото: amur.info