ЕАЭО елдері коронавируспен күресуге арналған өнімдерді сыртқа шығаруды шектейді

ЕАЭО елдері коронавируспен күресуге арналған өнімдерді сыртқа шығаруды шектейді

Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан жеке қорғаныш заттарын, зарарсыздандыру құралдарын және бетперделерді сырт елдерге шығаруға уақытша шектеу енгізіледі. ЕЭК алқасы осындай шешім қабылдады.

Мақсаты – COVID-19 таралуымен байланысты жағдайды тұрақтандыру. Тізімге мақта, дәке, бинт, бетперде, жартылай бетперделер, респираторлық маскалар, респираторлар, тыныс алу мүшелеріне арналған жеке қорғаныш заттары, қорғаныш көзілдірігі, бахила, киім-кешек пен оның кейбір қажетті бөліктері, қолғаптар енгізілді.

Қабылданып отырған жаңа шара 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін күшінде болады. 

 

Фото: eurasiancommission.org