Еуропалық Одақ елдері коронавирусқа қарсы вакцина жасауға қаржы жинайды

Еуропалық Одақ елдері коронавирусқа қарсы вакцина жасауға қаржы жинайды

Еуропалық Одақ коронавирусқа қарсы вакцина жасауға қаржы жинауды ұйымдастырмақ. Бұл туралы G-20 көшбасшыларының бейнеконференциясының қорытындысы бойынша Еуропалық комиссия мен Еуропалық кеңес басшыларының бірлескен мәлімдемесінде айтылды. 

«Еуропа COVID-19 қарсы вакцина жасау және оны енгізуді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ақша жинау бойынша халықаралық онлайн-шара ұйымдастыруға дайын», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Еуропалық Одақ аса қауіпті инфекциямен күресте кез келген көмекті қабылдауға дайын. Еуроодақ өкілдерінің айтуынша, түрлі салаларда, бірінші кезекте денсаулық сақтау мен экономикада шұғыл, ауқымды және үйлестірілген жаһандық іс-қимылдар жасау қажет. Бұл адамдардың өмірін сақтап қалуға және экономикалық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ЕО билік институттарының басшылары Шарль Мишель мен Урсула фон дер Ляйен G20 бейнеконференциясы барысында Еуроодақтың COVID-19 пандемиясымен күресте халықаралық ынтымақтастыққа дайын екендігін және осал мемлекеттерге, әсіресе Африка елдеріне көмектесетінін мәлімдеді.

 

Фото: ria.ru