Хопкинс университеті: Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 500 мыңнан асты

Хопкинс университеті: Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 500 мыңнан асты

Коронавирустың жаңа типі бас көтергелі әлемде инфекцияны жұқтырғандар саны 500 мыңнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті хабарлады.

Университет мамандарының есебіне сәйкес, бүгінгі күні науқастар саны 510 мыңнан да көп. Осы уақыт ішінде вирустан 23 мың адам көз жұмған.

Корнавирусқа шалдығу жағдайлары бойынша АҚШ бірінші орынға шықты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, Құрама Штаттарда 85 мыңнан аса науқас тіркелген. Ал Қытайда – 81,3 мың адам.

Инфекциядан көз жұмғадан саны бойынша Италия бірінші орында – 8 мыңнан көп. Испанияда коронавирустан 4 мыңнан аса адам қайтыс болса, Қытайдағы өлім саны – 3 мыңнан жоғары.

 

Фото: ria.ru