Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 120-ға жетті

Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 120-ға жетті

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 120-ға жетті. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

27 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырған тағы 7 адам Алматы қаласында анықталды.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 60 адам, Алматыда – 47 адам, Қарағандыда - 4, Шымкентте - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам. Ел аумағында жалпы 120 науқас тіркелді.

Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққан 64 жасар әйел көз жұмды.

2 адам індеттен толықтай жазылды.

 

Фото: ria.ru