Қазақстанда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

Қазақстанда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

Қазақстанда коронавирустық инфекциядан бір адамның өлімі тіркелді.

Өкінішке қарай елімізде вирустың алғашқы құрбаны тіркелді. Індеттен әйел адам көз жұмды. Бұл туралы шұғыл брифинг кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлап, марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтты.

Осы жағдай бойынша ертең Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы толық мағлұмат береді.

 

Фото: livekuban.ru