Коронавирустан айыққан 2 адам Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында емделді

Коронавирустан айыққан 2 адам Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында емделді

Коронавирустан жазылып шыққан екі адам Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында емделді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Еске салсақ, 25 наурызда 2 емделушінің коронавирустан жазылып, ауруханадан шыққаны белгілі болды. Министр бұдан басқа мәліметті таратуға болмайтынын айтты.

ДӘУРЕН АБАЕВ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

- Дәрігер құпиясын сақтау жөнінде еске саламыз. Бұл адамдардың барлығы – өз азаматтарымыз. Олар өзіне қатысты жеке мәліметтерді жарияламауға құқығы бар. Біз оны сыйлауымыз керек. Егер ол адамдар туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол кісілердің рұқсатынсыз ешкімге бермеуге сұраймыз. Оларды емдеу тәртібі туралы журналистерге дәрігерлер айтып береді. Мұндай сұхбат ұйымдастыруға дайынбыз.

 

Фото: ktk.kz