Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109-ға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109-ға жетті

Қазақстанда COVID-19 жұқтырған тағы 12 адам анықталды. Жалпы, індетке шалдыққандар саны 109-ға жетті. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам,  Қарағанды мен Шымкент қалаларында - 2 адам, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 1 адам.

 

Фото: iz.ru