ДДСҰ Коронавируспен күресте адамдарға оқшаулаудың қаншалықты тиімді екендігін айтты

ДДСҰ Коронавируспен күресте адамдарға оқшаулаудың қаншалықты тиімді екендігін айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы барлық елдерді азаматтарды оқшаулаумен ғана шектелмеуге үндеді.

Тедрос Гебреисустың пікірінше, азаматтарды оқшаулау мен қозғалысты шектеу коронавирус пандемиясын толықтай тоқтатпайды. Мұндай шаралар оның таралуын болдырмайды, бірақ адам өмірін сақтап қалу үшін жеткіліксіз, дейді ол.

Тедрос Гебреисус вирустың таралуымен күресте тиімді болып табылатын 6 әдісті атап өтті.

Бірінші кезекте, денсаулық сақтау жүйесін жақсартып, індетті жұқтырғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін дайындау керек. Сонымен қатар ауруға шалдыққандардың барлығын анықтап, коронавирусты анықтайтын көп тест қажет.

Бұдан басқа, науқастарды қабылдайтын қосымша ауруханалар дайындалуы тиіс, вирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылауға алып, барлық күшті коронавируспен күреске жұмсау керек.

Бұл шаралар коронавирустың таралуын тоқтатып, барлық шектеулерден кейін эпидемияның қайта таралуына жол бермейді, дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

 

Фото: news.liga.net