Корнавирусқа қарсы вакцинаны кім жасайды?

Корнавирусқа қарсы вакцинаны кім жасайды?

Адамзатты коронавирус пандемиясынан құтқаратын вакцинаны жасаумен әлем бойынша 35 зертхана айналысуда. Сарапшылардың айтуынша, барынша қысқа мерзім ішінде инфецияға қарсы дәріні ойлап табу – оңай міндет емес. Гендік инженерлер жұмыстарының алғашқы қорытындыларын бірнеше айдың ішінде жариялауға уәде етіп отыр.

Адамға сынақ жүргізуді бірінші болып қолға алған – Қытай мамандары. Олар COVID-19-ға қарсы эксперименталды вакцинаны өткен аптада жасы 18 бен 60 аралығындағы 108 еріктіге егіп көрді. Адамдар 36 адамнан үш топқа бөлініп, оларға вакцинаның төмен, орташа және жоғары мөлшері егілген. Еріктілердің барлығы екі апта мерзімге карантинге орналастырылды. Клиникаға дейінгі сынақ осы айдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Одан кейін вакцинаның клиникалық сынағы басталады, дейді ғалымдар.

Америкалық зерттеушілер де тәжірибе жүргізуде. Жаңа препараттың эксперименталды мөлшері 4 еріктіге егілген.

Ал неміс ғалымдары болса, жаз айы басталғанда вакцинаның клиникалық сынағына кіріскелі отыр.

Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеумен ресейлік ғалымдар да айналысып жатыр. Вирусология және биотехнология ғылыми орталығы барлық тәжірибені жануарларға жүргізеді. Ғалымдар вакцина күзге қарай қолданысқа енгізіледі деп үміттенеді.

Бұл күрестен Қазақстан да шет қалған жоқ. Ұлттық биотехнология орталығы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп вирусқа қарсы вакцинаны жасау жұмыстарын бастап кетті.

 

Фото: lenta.ru