Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам анықталды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 жұқтырған тағы 9 адам анықталды. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам,  Қарағанды қаласында -  2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелді.

Сонымен Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны - 97-ге жетті.

 

Фото:www.ktk.kz